Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Тәңір Ие сотта тергейді өз халқын,Олардың күш-қуатының сарқылғанын,Құл мен еріктінің тірі қалмағанынБайқап, оларға түсірер шапағатын. — Ендеше өздеріңде бар жалған тәңірлерді лақтырып тастап аластатыңдар да, жүректеріңді Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге бағыштаңдар! — деп ескертті. Исраилдіктер жаулардың өздеріне зорлық-зомбылық көрсетіп азаптағанынан күңіренгендіктен, Жаратқан Ие оларға жаны ашып, билер тағайындап отырды. Жаратқан Ие сол биге жар болып, оның көзі тірісінде исраилдіктерді жауларынан құтқарып отырды. Дегенмен Құдай халықтың қиыншылығынаКөзін салып, құлақ түрді жалыныштарына, Халқымен жасаған Келісімін ескерді,Зор рақымымен оларды есіркеді, Олар азап шеккен кездің бәріндеЖаратқан Ие бірге азап шекті,Өзінің қасындағы періштесіТаңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді.Құдайымыз сүйіспеншілігіменЖәне мол қайырымдылығыменХалқын құтқарып алып, бүкіл өткенЗаманда Қамқоршысы болып келген. Кейде Мен бір халықты не патшалықты елінен түп-тамырымен жұлып, құлатып, жоюым керек деп шешемін. Бірақ егер сол халық өзінің жасап жүрген зұлым істеріне өкініп, солардан бас тартса, онда Мен де райымнан қайтып, жіберейін деп отырған апатты оларға жібермеймін.
Выбор основного перевода