Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Жаратқан Ие Ыбырамға сөзін арнап былай деп бұйырған еді:«Сен еліңді, туған-туысқандарыңды және әкеңнің үйін тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш! Мен сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын,Сені жарылқаймын әрі атыңды шығарамын.Сен арқылы ақ батам басқаларға да жететін болады. Саған ақ батасын бергендерді Мен жарылқаймын,Ал кім сені жамандап қарғаса, соны Мен қарғаймын.Сен арқылы жер бетіндегі бар ұлттар жарылқанады». Ыбырайымнан бір үлкен де күшті халық шығады. Менің ақ батам ол арқылы жер бетіндегі барлық халықтарға жетеді. Осы Пайғамбардың айтқандарын тыңдамайтын әрбір адам халқының ішінен аластатылсын». Сендерге Ізгі хабарды алғаш рет жариялағанымда денсаулығымның нашар болғанын білесіңдер. Мұнан кейін мен аспанның биігінде ұшып бара жатқан ерекше бір періштені көрдім. Ол жер бетінде Құдайға мойынсұнбай тұратын әрбір халыққа, руға, тілге және ұлтқа қарсы Құдайдың мәңгілік жеңісі туралы Ізгі хабарды жариялады.
Выбор основного перевода