Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Петір осы сөздерді әлі айтып тұрған кезде, Ізгі хабарды тыңдап тұрғандардың бәріне Киелі Рух қонды. Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады. Шынында көп мүшелері бар, бірақ дене біреу. Құдайдың шынайы елшісі екенімді көрсететін белгілер, яғни ғажап кереметтер мен құдіретті істер, үлкен төзімділікпен көз алдарыңда орындалды. Өйткені сендер сиынып, Иса Мәсіхтің Киелі Рухы көмек көрсеткендіктен, осы жағдайымның мен үшін жақсылықпен аяқталатынын білемін.
Выбор основного перевода