Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Сол кезде көптеген адамдар Менің халқыма қосылып, біреулер: «Жаратқан Иенікімін» деп хабарлап, өзгелері мұны өз қолдарына жазып та алады. Олар Жақыптың есімімен, иә, халқымның қадірлі түп атасы Исраилдің атымен, атанатын болады». Осылардан кейін Мен өз Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне құямын. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, қарттарың түс, жас жігіттерің аян көреді. Иса Құдайдың құдіретімен көкке көтеріліп, Әкеден уәделі Киелі Рухты алған соң, Оны біздің үстімізге құйып сыйлады. Мұны өздерің естіп және көріп тұрсыңдар. «Бұл бақыттылық тек сүндеттелген яһудилерге ғана ма, әлде сүндеттелмеген халықтарға да арналған ба?» (Әрине, бұл халықтарға да арналған.) Біз жоғарыда Ыбырайым ата Құдайға артқан сенімінің арқасында ақталды дедік.
Выбор основного перевода