Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Һарон жылына бір рет күнәнің құнын өтеу үшін шалынған құрбандықтың қанын түтету үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына жағып, осылайша үстелді күнәнің арамдығынан тазартсын. Бұл рәсімді келешек ұрпақтарың да жыл сайын орындауға тиіс. Себебі түтету үстелі Жаратқан Иеге толықтай бағышталған, ерекше киелі. былай деді:— Ағаң Һаронға мынаны ескерт: Һаронның шымылдықтың арт жағындағы ең қасиетті бөлменің ішіне және онда орналасқан Келісім сандығының үстіндегі қақпақтың алдына өзі қалаған кезінде келуіне болмайды. Әйтпесе ол өледі. Өйткені күнәнің арамдығынан тазару рәсімі орындалатын сол қақпақтың үстіндегі бұлт ішінде Мен боламын. Һарон жас бұқаның қанының біразын саусағымен осы қақпақтың шығыс жағына бүріксін. Мұнан кейін ол саусағымен жеті рет қақпақтың алдына да біраз қанды бүркіп шашсын. Егер Жаратқан Иенің Мұсаға берген осы өсиеттерін абайламай бұзып алатын болсаңдар, яғни Жаратқан Иенің алғашқы кезден бастап Мұса арқылы берген барлық өсиеттерінің бірін болашақ ұрпақтарың да абайламай бұзып алатын болса және бұл туралы ешкім де білмесе, онда бүкіл қауым бір жас бұқаны шалып, түгелдей өртеп, Жаратқан Иеге хош иісті де ұнамды құрбандық ретінде ұсынсын. Соған тиісті астық және сұйық тартуларын да алып келсін, әрі күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалсын. Осылайша діни қызметкер Исраил халқының бүкіл қауымын күнәларының арамдығынан тазартып, олар кешіріледі. Себебі сол күнә әдейі емес, абайламай жасалған еді, әрі исраилдіктер осы теріс істері үшін Жаратқан Иеге арнап өртелу арқылы жасалатын және күнәнің құнын өтейтін құрбандықтарын шалып, өртеп ұсынған болатын. Сонда бүкіл исраилдік қауым және араларында тұрып жатқан жат жұрттықтар да кешіріледі, себебі бұны бүкіл халық абайламай істеген болатын. Егер бір жеке адам абайламай күнә жасаған болса, онда ол бір жасар ешкіні күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде шалсын. Діни қызметкер абайламай күнә жасаған адам үшін оны күнәсінің арамдығынан тазартатын рәсімді Жаратқан Иенің алдында орындайды, осылайша сол адамның күнәсі кешіріледі. Абайламай күнә жасаған адам тумысынан исраилдік болсын не араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық болсын, екеуіне де қолданылатын заң бірдей болады. Бірақ тумысынан исраилдік болсын не жат жұрттық болсын, әдейі күнә жасайтын кез келген адам сонысымен Жаратқан Иені қорлайды. Ондай адам халықтың арасынан аластатылсын. Жаратқан Иенің сөзін түкке тұрғысыз деп есептеп, өсиеттерін бұзғандықтан ондай жан міндетті түрде аластатылсын. Оның кінәсі өз мойнында қалады. Бас діни қызметкер өзінің де пенделік кемшіліктері бар болғандықтан, білмей тура жолдан адасып кеткендерге мейірімділік көрсете алады. Сол себептен ол халық үшін де, өзі үшін де күнәнің құнын өтейтін құрбандықтар шалуға міндетті. Иса бұрынғы бас діни қызметкерлер сияқты күнде алдымен өз күнәларының құнын өтеу үшін, сонан соң халықтың күнәлары үшін құрбандық шалуға тиісті емес. Ол айқышта өлгенде Өзін біржола құрбан етіп күнәлардың құнын өтеді.
Выбор основного перевода