Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Оған сол себептен көптеген адамдарды табыс етемін. Ол билік иелерін де олжалайды. Себебі Қызметшім жанын өлімге қиып, қылмыскерлердің қатарында саналды. Ол бірақ көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып, қылмыскерлердің кешірілуі үшін ара түсті». Өйткені бұл — күнәлары кешірілсін деп көптеген адамдар үшін төгіліп, (Жаңа) Келісімді бекітетін Менің қаным. Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол — Мәсіхке сенетін барлық адамдарды, алдымен яһудилерді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да құтқаратын Құдайдың құдіреті! Ақталуға ешқандай шарамыз болмай тұрғанда, Мәсіх Құдай алдын ала белгілеп қойған уақытында күнәкар біздер үшін жанын қиды! Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз. Оның рухани Ұлы Исаның көктен түсуін күтудесіңдер. Құдай өлімнен қайта тірілткен Иса бізді келешектегі қаһарлы соттан құтқарып алады. Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.
Выбор основного перевода