Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Аққараған ағашынан сандық жасат. Ұзындығы екі жарым, ал ені мен биіктігі бір жарым шынтақтан болсын. Іші-сырты саф алтынмен қапталып, жоғарғы ернеуі айналдыра алтынмен әшекейленіп жиектелсін. Сандық үшін төрт алтын шығыршық құйғызып, төменгі төрт бұрышына, екеуін бір жақ бүйіріне, қалған екеуін қарама-қарсы бүйіріне бекіттір. Мұнан кейін аққарағаннан сырықтар жасатып, алтынмен қаптат. Сандықты көтеріп алып жүру үшін сырықтар оның екі бүйіріндегі шығыршықтардан өткізілсін. Сырықтар әрдайым шығыршықтарға кигізулі тұрсын, оларды алып тастауға болмайды. Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды осы сандықтың ішіне салып қой. Сандықтың қақпағын да саф алтыннан жасат. Ұзындығы екі жарым, ені бір жарым шынтақ болсын. Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын. Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын. Керуб мүсіндері қанаттарын жоғары жайып, қақпақты көлегейлеп, беттері бір-біріне қарама-қарсы, қақпаққа қарап тұрулары керек. Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды сандыққа сал да, үстін қақпақпен жауып қой. Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып, Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын. Сонда Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты керубтердің үстіңгі жағынан көтеріліп, киелі үйдің табалдырығына қарай жылжып барды. Киелі үй де бұлтқа кенеліп, ішкі аула да Жаратқан Иенің нұрлы салтанатының жарығына толды. Бұл тақырып туралы тағы бірталай нәрселерді айтқанымыз жөн болар еді. Бірақ оларды түсіндіру қиын, өйткені сендер зейін қойып тыңдамайтын болдыңдар.
Выбор основного перевода