Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Себебі Өзі — біздің бірден-бір Құдайымыз,Ал біз Оның бағып жүрген меншікті халқымызӘрі қамқорындағы отары сияқтымыз.Бүгін сендер Оның даусын естігенде, Мерібада істегендерің секілдіҚасарыстырмаңдар жүректеріңді:Ежелде айдалада жүрген кездеМасадағы бас көтергендерің іспеттіҚайтадан солай істемеңдер енді! Сендердің ата-бабаларың сол жердеКөріп жүрсе де керемет істерімді,Еркінсіп сынай берді төзімімді. Бұл ұрпаққа қырық жыл ашуландым,Сонымен былай деп қорыттым:Жүрек қалаулары теріс бағыттағыОсы халық тағылымымды қабылдамады! Қаһарланып ант еттім Мен сондықтан:«Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындағанЕлге кірмейді олар енді ешқашан!» Сол себепті Құдай кейін басқа бір күнді белгіледі, ол күн — «бүгін». Көп уақыт өткен соң Ол бұл туралы Дәуіт пайғамбар арқылы былай деді: «Бүгін сендер Оның даусын естігенде, қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!» Киелі Рух та бізге осыны растайды. Алдымен Ол былай деді емес пе:
Выбор основного перевода