Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Осылайша исраилдіктер Жаратқан Иенің мысырлықтарға қарсы ғаламат құдіретін қолданғанына көз жеткізді. Олар Жаратқан Иеден қорқып, Оны терең қастерлеп, Жаратқан Иеге және Оның қызметшісі Мұсаға сенді.Сол кезде Мұса Исраил халқымен бірге Жаратқан Иеге арнап мына мадақтау жырын айтты: Ал қызметшім Мұсамен бұлай емес. Ол — Менің бүкіл үйімдегі адал қызметшім. Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарын тыңдаңдар! Себебі сендер Хориб тауының етегінде жиналған кезде: «Құдай Иеміздің дауысын әрі қарай естімейік, осы жалындаған зор отты тағы да көрмейік, әйтпесе өліп қалармыз!» деген кезде Құдай Иеден осыны өтінген едіңдер. Сонда Жаратқан Ие маған былай деді: «Олардың айтқандары дұрыс. Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады. Осы пайғамбардың Менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамайтын әрбір адамнан Өзім жауап алатын боламын. Егер де шынымен Мұсаға сенсеңдер, онда Маған да сенер едіңдер, өйткені ол Мен туралы жазып кеткен.
Выбор основного перевода