Себебі Өзі — біздің бірден-бір Құдайымыз,Ал біз Оның бағып жүрген меншікті халқымызӘрі қамқорындағы отары сияқтымыз.Бүгін сендер Оның даусын естігенде,
Мерібада істегендерің секілдіҚасарыстырмаңдар жүректеріңді:Ежелде айдалада жүрген кездеМасадағы бас көтергендерің іспеттіҚайтадан солай істемеңдер енді!
Сондықтан Киелі Рухтың мынадай айтқандарына мән беріңдер:Бүгін сендер Оның даусын естігенде,
Ежелде айдалада сыналған кездеБас көтергендердің істегендері секілдіҚасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!
Сол себепті Құдай кейін басқа бір күнді белгіледі, ол күн — «бүгін». Көп уақыт өткен соң Ол бұл туралы Дәуіт пайғамбар арқылы былай деді: «Бүгін сендер Оның даусын естігенде, қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!»