Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Сол уақыттан бастап Иса: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Себебі Құдай Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!» деп уағыздап жүрді. Бұл үшін олар Ізгі хабарды уағыздаушылардың әуел бастан-ақ өз көздерімен көріп, бізге айтып жеткізгендеріне сүйенді. Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. Ендеше Құдайдың рухани Ұлын аяқпен таптағандай менсінбеген әркім бұдан бетер қаншама ауыр жазаға лайық деп ойлайсыңдар!Сондайлар Тәңір Ие Жаңа Келісімін бекіткен Исаның қаны арқылы күнәларынан арылғанмен, енді Оның қанына немкетті қарайды, әрі өздеріне Құдайдың рақымын жеткізген Киелі Рухты қорлайды. Әуел баста Ол бар болатын. Біз Оны естіп, көзімізбен көріп, Оған анықтап қарап, қол тигіздік. Ол — шынайы өмір сыйлайтын «Сөз». Сендерге Сол туралы айтып береміз,
Выбор основного перевода