Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
«Ал сен, Исраил халқы — Менің қызметшім, Өзім таңдап алған Жақыптың үрім-бұтағы әрі жаныма жақын Ыбырайымнан тараған ұрпақ, сөзіме құлақ сал: Мен сені қиыр шеттен шақырып алып, жер бетінің түкпір-түкпірінен әкелгенмін. Менің қызметшімсің, сені таңдап алған едім, сенен бас тартпаймын да. Сонымен, Құдайдың уәдесі сенімге байланысты. Осылай бұл уәде Оның рақымымен беріліп, Ыбырайымның бүкіл ұрпағы үшін — Таурат заңы бар яһуди сенушілері үшін ғана емес, Ыбырайым сияқты Құдайға сенім артқан басқа ұлттар үшін де күшінде тұрады. Ыбырайым — Жаратқан Иенің еркімен бәріміздің рухани түп атамыз.
Выбор основного перевода