Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Бізге жаулардың қолынан құтылып,Өзіне еш алаңсыз қызмет етіп, Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз. Тағы айтпағым мынау: мұрагер болашақта барлық байлықты иемденуге қақылы болса да, балалық кезінде оның құлдан еш айырмашылығы жоқ. Жас мұрагер әкесі белгілеген уақытқа дейін қамқоршылар мен үй басқарушылардың бақылауында. Біз де рухани балалық шағымызда осы дүниедегі бастапқы діни ілімдердің құлдығында болдық. Ал Құдай белгілеген уақыты жеткенде, Өзінің рухани Ұлын жіберді. Ол бір әйел арқылы дүниеге келіп, Таурат заңы үстемдік етіп тұрған халықтың арасында сол заңға бағынғандарды босатып, Өзінің рухани балалары ету үшін келді. Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады. Олай болса, мәңгілік Киелі Рухқа кенелген, Өзін мүлдем кемшіліксіз құрбандық ретінде Құдайға ұсынған Мәсіхтің өз қаны рухани өлімге бастап әкететін қылықтардан ар-ұжданымызды одан бетер арылтып тазартпақ! Соның нәтижесінде біз мәңгі тірі Құдайға шынымен ғибадат ете аламыз.
Выбор основного перевода