Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Ефесянам
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды. Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады. Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп, адамдарға күнәларына лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген еді. Осылайша Ол бізге Мәсіх Исаның арқасында мейіріммен қарап, болашақ дәуірлерде Өзінің ағыл-тегіл мол рақымын көрсетпек. Оның адамдарының ең лайықсызы болсам да, Құдайдың рақымымен Мәсіхтің шексіз зор рухани байлығы туралы басқа халықтарға уағыздау үлесіме тиді: Былай деп мінажат етемін: Құдай өз ұлылығының байлығына сәйкес Киелі Рухының арқасында жан дүниелеріңді Өзінің құдіретімен нығайта көрсін. Оның құрбандық өлімі арқылы күнәларымыздың құны өтеліп, кешірімге ие болдық. Мәсіх, сондай-ақ, құрбандыққа шалынған қошқарлар мен бұзаулардың қанын емес, Өзінің құрбан болған кезінде төгілген қанын осы киелі үйдің ең қасиетті бөліміне біржола алып кірді. Осылайша Ол бізді күнәмізден арылтып, мәңгілік азат етті. Ал күнәлар кешірілген жерде енді қайтып оларды алып тастайтын құрбандықтың қажеті де жоқ.
К Ефесянам
1 2 3 4 5 6
Выбор основного перевода