Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Ефесянам
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Бірақ сендерді Жаратқан Ие (тазартып) Өзіне меншікті халық ету үшін темір балқытатын пеш іспетті Мысыр елінен алып шығарды. Енді сендер Оның халқы әрі өз меншігі болып отырсыңдар да. Ақырғы жайттарды әуел бастан-ақ және әлі істелмеген істерді баяғыдан-ақ алдын ала білдіріп келемін. Мен мақсатымды орындап, Өзіме ұнайтындарды іске асыратын боламын деп уәде беремін. Алайда парызшылдар және Таурат заңын үйретуші ғұламалар бұл рәсімнен өтпей, Құдайдың өздеріне арнаған мақсатын қабылдамады. Алайда олардың іске асырғаны — Сенің құдіретті еркің алдын ала белгілеген жоспарың ғана. Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды. Бірақ егіз ұлдары (Есау мен Жақып) дүниеге келмей, әрі не жақсылық, не жамандық жасамай тұрған кезде-ақ, Құдай екеуінің біреуін таңдап алды. Бұл Құдайдың Иеміз Мәсіх Иса арқылы іске асырған мәңгілік мақсатына сәйкес еді. Құдай Әкеге шүкірлік ете берсін деп мінажат етудеміз. Өйткені Ол бәрімізді Өзінің халқы иемденетін нұрлы Патшалығынан үлес алуға шақырып, лайықтады.
К Ефесянам
1 2 3 4 5 6
Выбор основного перевода