Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Ефесянам
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Иә, Ием, Сен халқыңды сүйесің,Өзіңе бағышталған қасиеттілердіңБарлығы да қолыңда Өзіңнің,Бәрі жиналып аяғыңа бас ұрады,Сөздеріңді Өзіңнен қабыл алады. Мұса бізге тапсырды Таурат заңын,Мұрасы болды ол Жақып қауымының. олар қара түнектен нұрға, әзәзіл шайтанның құлдығынан Құдайға бет бұрулары үшін сен олардың көздерін аш! Сонда олар Маған сеніп, күнәлары кешіріліп, Құдай халқының арасынан өз орындарын алады», — деді. Бәріміз біртұтас рухани денеміз, Құдайдың Рухы да Біреу, сол сияқты Құдай сендерді шақырғанда бірдей үміт берді. Ал осы сенімдерің мен сүйіспеншіліктерің өздеріңе көкте дайындалған игіліктерді иемденеміз деген үміттеріңе негізделген. Бұл туралы сендер алдымен Құдайдың шынайы хабары — Ізгі хабар өздеріңе жеткенде естідіңдер. Сендер Оның ұлы құдіретінен мол қуат алып, әрдайым төзімділік пен ұстамдылық таныта алсын әрі қуанышқа кенеліп, Құдай Әкеге шүкірлік ете берсін деп мінажат етудеміз. Өйткені Ол бәрімізді Өзінің халқы иемденетін нұрлы Патшалығынан үлес алуға шақырып, лайықтады.
К Ефесянам
1 2 3 4 5 6
Выбор основного перевода