Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иуды
1
Параллельные места
Оның мәйіті Моаб елінде, Бет-Пеғорға қарсы жатқан алқапта қабірге қойылды. Күні бүгінге дейін Мұсаның қабірінің қайда екенін ешбір адам білмейді. Ал парсы патшалығының рухани әміршісі маған жиырма бір күн бойы қарсы шығып, жолымды бөгеді. Сонда бас періштелердің бірі, Михайл, маған көмекке келді. Себебі парсы патшасы мені жібермей бөгеп жатты. Бірақ алдымен мен саған «Ақиқат кітабында» не жазылғанын айтып беремін. Сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайлдан өзге сол рухани әміршілерге қарсы тұрып, мені қолдап-қуаттайтын ешкім болмайды. Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайл шығады. Бұл, халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенің халқың, яғни есімдері арнайы кітапқа енгізілгендердің барлығы, құтқарылады. Жаратқан Ие шайтанға: «Саған Жаратқан Ие тыйым салады, шайтан! Иә, Иерусалимді таңдап алған Жаратқан Ие саған тыйым салады! Осы адам жанып кетпей тұрып от ішінен құтқарылып алынған отындық ағаш сияқты емес пе?» — деп зекіді. Тіпті күш-қуаттары әлдеқайда зор періштелер де соларды Жаратқан Иенің алдында ешқандай балағат сөзбен айыптамайды.
Иуды
1
Выбор основного перевода