Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иуды
1
Параллельные места
Бермес сый-тартуымен мақтанушыҚұрғақ жел һәм жаумас бұлтқа ұқсайды. Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Менің отарым өзіне қамқорлық жасайтын бағушысы болмағандықтан тоналып, олжаға айналып, барлық жыртқыш аңдарға жем болды. Иә, Өзім тағайындаған бақташылары адасқан отарымды еш іздеген жоқ! Қайта, олар Менің отарымды емес, өз қара бастарының қамын ғана ойлады. Ал жақсы жеміс бермейтін әр ағашты кесіп тастап, отқа жағады. Иса оларға:— Көктегі Әкем екпеген әр өсімдік түбірімен жұлынып тасталмақ! Алайда сендер жиналған кезде шын мәнінде Иеміздің асын жемейді екенсіңдер. Әркім өзінің тамағын басқалардан бұрын ішуге асығып, қайсыбіреу аш қалып, басқасы мас болады екен. Ішіп-жеуге өз үйлерің бар емес пе? Немесе Құдайдың қауымын менсінбей, түгі жоқтарды ұятқа қалдырғыларың келе ме? Енді сендерге не десем екен? Осы үшін мақтайын ба? Әрине, мақтамаймын! Онда біз бұдан былай әрбір ой толқынына тәлкек болған жас баладай кез келген ағымдағы ілімге ілесуден, әрі қу, айлакер адамдардың алдап-арбауына еріп азғындық жолға түсуден аулақ боламыз. осылай жасаған әділетсіз істеріне лайықты жазаларын тартпақ.Мұндайлар тіпті күндіз тәндік тәбеттерін қанағаттандырып, алдамшы ырду-дырдудан ләззат табады; өздеріңмен бірге тойлауларымен ар-ұяттарыңа дақ түсіріп, сендерді жұрт алдында ұятқа қалдырады. Сол жалған ілімді таратушылар қауымды алдап, тақырға отырғызатын, кеуіп қалған бұлақ көздеріне және дауыл айдаған, жаңбырсыз ақ бұлттарға ұқсайды. Оларға тозақтың қара түнегі дайын тұр.
Иуды
1
Выбор основного перевода