Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иуды
1
Параллельные места
Олардың бастары жастыққа тимей тұрып-ақ, жасы бар, кәрісі бар, қаланың түкпір-түкпірінен жиналып келген ер адамдарының бәрі үйдің сыртын айнала қоршап алды. Лутты айқайлап шақырып:— Саған кешқұрым келген еркектер қайда? Бізге алып шық, олармен жақындасып көңіл көтерейік, — деді. Лут кіреберіске, олардың алдарына шығып, есікті жауып: — Оу, ағайындар, мұндай зұлымдық жасамаңдар! — деп өтінді. — Тыңдаңдаршы, ермен жақындаспаған бойжеткен екі қызым бар. Сендерге соларды үйден шығарып берейінші, оларға білгендеріңді істей беріңдер. Бірақ бұл адамдарға тиіспеңдер, олар менің шаңырағымның астына түскен меймандарым ғой! — Алайда қаланың ер адамдары оған:— Былай кет! Мынау кірме неме, бізге билік айтпақ па? Тоқтай тұр, сенің бізден алатын сыбағаң олардікінен бетер болмақ! — деп айғай салды. Сөйтті де, Лутқа тап беріп, есікті бұзуға айналды. Сонда үй ішінде тұрған хабаршылар есікті сәл ашып, қолдарын созып, Лутты ішке қарай тартып кіргізіп алды. Хабаршылар есікті қайтадан бекітіп, алдында тұрған үлкенді-кішілі адамдардың бәрін есікті таба алмастай соқыр етіп тастады. Бұдан кейін олар Лутқа:— Сенің бұл жерде тағы қандай жақындарың бар? Күйеу балаларың, ұл-қыздарың әрі барлық басқа адамдарыңды осы қаладан алып кет! — деп бұйырды. — Біз оны құртпақшымыз. Жаратқан Иеге бұл жер туралы қатты дауыспен айтылған шағым түсуде. Сондықтан Жаратқан Ие бізді осы қаланы құрту үшін жіберді. Сонда Лут сыртқа шығып, қыздарына үйленбек күйеу балаларына барып: «Жиналып, бұл жерден кетіңдер! Жаратқан Ие қаланы құртпақшы!» — деп ескертті. Бірақ күйеу балалары оны қалжыңдап тұр деп ойлады. Таң қызарып атып келе жатқанда хабаршылар Лутты асықтырып: «Жинал, күнәға батқан бұл қалада құрып кетпеу үшін әйеліңді, қолыңдағы екі қызыңды ал да, бұл жерден кет!» — деді. Лут әлі де қобалжып тұрғанда, елшілер оны, әйелін, екі қызын қолдарынан ұстап далаға сүйрей жөнеліп, қаланың сыртына шыққанда ғана қоя берді. Себебі Жаратқан Иенің оларға рақымы түскен болатын. Төртеуін қаладан алып шыққанда хабаршылардың біреуі:— Осы жазықтың еш жеріне аялдамастан, арттарыңа қарамай қашыңдар! Өліп қалмау үшін тауға барып, соны паналаңдар! — деп бұйырды. Лут сонда былай деп өтінді:— Жоқ, Ием! Сен құлыңа рақыммен қарап, мені аман сақтап қалып, үлкен мейірімділік жасадың. Бірақ мен тауға қашып құтыла алмаймын, әйтпесе апатқа ұшырап өліп қалармын. Міне, алдымызда мына қала бар. Барып, паналау үшін ол жақын және кішкентай ғана қалашық қой. Соған қашып құтылайын. Ол кішкентай қалашық емес пе? Осылай жаным аман қалмақ. Хабаршы оған:— Жарайды. Мен осы тілегіңді де орындап, сен айтып отырған қаланы құртпаймын. Бірақ тезірек сол жерге қашып құтыл! Себебі сен жеткенше мен түк те істей алмаймын, — деді. Бұл қала осы оқиғадан кейін Сиғор (яғни «Кішкентай») деп аталатын болды. Лут Сиғорға күн шыға жетті. Сол кезде Жаратқан Ие Содом мен Ғомораның үстіне аспаннан от аралас күкірт жаудырып, бұл қалаларды, төңірегіндегі бүкіл жазықты, барлық қала тұрғындарын және далада өсіп тұрғанның бәрін де күл-талқан етіп қиратты. Бірақ Лут Содом қаласынан шыққан күні көктен от пен күкірт жауып, бәрін де қырып салды. Бірақ сендегі бір жақсылық мынау: Мен жек көретін николаиттардың істерін сен де жек көресің. Болашақта басыңнан кешетіндеріңнен қорықпа! Рас, шайтан кейбіреулеріңді түрмеге салып, сынамақ, ал көретін азаптарың он күнге ғана созылады. Өлімге дейін Маған адал бол, сонда саған «мәңгілік өмір тәжін» сыйлаймын.
Иуды
1
Выбор основного перевода