Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
перғауын сендерді тыңдамайтын болады. Сонда Мысырға қолымның құдіретін төндіріп, қатаң жазалар тартқызу арқылы өз жасағым — халқым Исраилді Мысыр елінен алып шығамын. Әлгілердің жауабы мынау болды:— Исраилдің Құдайының сандығын қайтарамыз десеңдер, оны құр жібермей, айыптарыңды өтейтін сый-тартумен қоса қайтаруларың керек. Сонда ауруларыңнан айығып, Жаратқан Иенің құдіретті қолының өздеріңді неліктен жазалап келгенін ұғарсыңдар. — Ісіктердің және елдеріңді ойрандап жатқан тышқандардың алтын мүсіндерін жасатып, Исраилдің Құдайының даңқты ұлылығын мойындаңдар! Мүмкін, Ол сонда өздеріңді, тәңірлерің мен елдеріңді осылай ауыр жазалауын доғарар. Енді, міне, Иеміз саған құдіретті қолын созып, сен соқыр болып, бірталай уақыт күн сәулесін көрмей қаласың!»Сол сәтте сиқыршыны қалың тұман мен қара түнек басты. Ол қолынан ұстап жетектейтін адам іздеп, сипаланды да қалды.
Выбор основного перевода