Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып, оларға былай деді:— Жаратқан Иеге менен және халқымнан бақаларды алып кете көрсін деп жалынып сиыныңдар. Содан кейін мен халықты Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалып ғибадат ету үшін жіберемін. — Сонда перғауын тездетіп Мұса мен Һаронды шақырып алып, олардан:— Мен Құдайларыңыз Жаратқан Иенің алдында да, сіздердің алдарыңызда да күнә жасадым. Ал енді күнәмді тағы бір жолға кешіріңіздер. Құдайларыңыз Жаратқан Ие бұл жойқын жазаны менен алып кете көрсін деп Оған сиыныңыздар, — деп өтінді. Мұны естіген Исраилдің әміршілері мен патшасы:— Жаратқан Иенің ісі әділ! — деп, күнәларын мойындады. Бірақ Жаратқан Ие әділетті,Сұмдар салған кісеннен азат етті». Осылайша Жаратқан Ие Өзі алдын ала білдірген осы қасіреттерді бізге жіберді, себебі Оның айтқандарына құлақ асқан жоқпыз. Ал Құдайымыз Жаратқан Ие Өзінің бүкіл іс-әрекетінде әділ.
Выбор основного перевода