Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Перғауын:— Ертең, — деп шешті. Мұса:— Айтқаныңыздай болады. Құдайымыз Жаратқан Иеге тең келетін ешкімнің жоқ екенін осыдан білетін боласыз! Сен қандай ұлысың, уа, Жаратушы Тәңір Ием! Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ. Әділдігің Сенің заңғар аспандай,Ұлы істерді жасап келесің, о, Құдай,Саған тең келер кім бар еді, уа, Құдай? Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлеріАрасында жоқ Сендей бірде-біреуі!Сенің жасаған кереметтерің іспеттіЖоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері. Уа, Жаратқан Ие, Саған тең келер ешкім жоқ! Сен ұлысың! Зор құдіретіңе бола Сенің есімің де ұлы! Кім Сені терең қастерлемесін, уа, халықтардың Патшасы? Бұл жалғыз Саған ғана тиісті. Барлық халықтардың данышпандарының арасында, олардың бүкіл патшалықтарында Саған тең келер ешкім жоқ!
Выбор основного перевода