Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Киелі шатырдың ауласын жасат: оның оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болсын. Ауланы жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделер қоршап тұрсын. Жиырма қола тағанға орнатылған жиырма бағана және сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштері мен сырықтарын жасат. Ал аула кіреберісінің өзіне арнап ұзындығы жиырма шынтақ перде тоқыт. Ол қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден түрлі өрнектермен кестеленіп тоқылсын. Пердені іліп қою үшін төрт тағанға орнатылған төрт бағана дайындат. Мұнан кейін Беселиел киелі шатырдың ауласын жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделермен қоршатты. Ауланың оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болды. Осы екі жақтың перделерін іліп қою үшін жиырма қола тағанға орнатылатын жиырма бағанадан әрі сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштер мен сырықтар жасалды. Ал аула кіреберісінің пердесі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден түрлі өрнектермен кестеленіп тоқылды. Оның ұзындығы жиырма шынтақ, биіктігі аула перделерінікі сияқты бес шынтақ еді.
Выбор основного перевода