Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы киімдерді ағаң Һаронға және оның ұлдарына кигізіп, оларға май жағу рәсімін орында. Діни қызметкерлерім болу үшін оларды Маған бағыштап, тағайында. Жаратқан Ие Мұсаға тағы да нұсқау беріп былай деді: «Менің алдыма Һаронды және оның ұлдарын, сондай-ақ, арнайы киімдерін, май жағу рәсіміне арналған майды әрі күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа бір жас бұқаны, екі қошқарды және ашымаған нан салынған себетті алып кел. Бүкіл қауымды кездесу шатырының алдына жина». Сонда Мұса Жаратқан Иенің берген тапсырмасын орындады да, қауым кездесу шатырының кіреберісінің маңында жиналды. Мұса жиналғандарға: «Жаратқан Ие бізге мынаны істеңдер деп бұйырды», — деді. Содан ол Һарон мен оның ұлдарын алға шығарып, оларды сумен жуып тазару рәсімінен өткізді. Мұса Һаронға арнайы ұзын көйлегін кигізіп, жалпақ белбеуін тақты да, сырт көйлегі мен жеңсіз сырт киімін кигізді. Мұнан кейін ол жеңсіз сырт киімді кестеленіп тоқылған белбеумен буды. Һаронға кеуде қалтаны таққызып, соған «Нұр және Кемелділік» атты арнайы жеребелерді салып қойды. Содан соң Мұса Һаронның басына сәлдені кигізді. Сәлденің маңдай жағына Һаронның Құдайға түгелдей бағышталғандығын белгілейтін алтын тақташаны бекітіп байлады. Осының бәрін Мұса Жаратқан Иенің бұйырғанына сай орындады. Бұдан кейін Мұса Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы — киелі шатырға және ондағы барлық нәрселерге арнайы май жағып, осы рәсім арқылы оларды Құдайға бағыштады. Мұса майдың біразын құрбандық үстеліне жеті рет бүркіп, сол үстел мен оның барлық бұйымдарына және қазан мен оның тұғырына май жағу рәсімін жасап оларды Құдайға бағыштады. Сол майдың біразын Һаронның басына құйып май жағу рәсімін орындап, Һаронды Құдайдың қызметіне бағыштады. Бұдан кейін Мұса Һаронның ұлдарын алға шығарды да, үстеріне арнайы ұзын көйлек кигізіп, белдерін жалпақ белбеумен буып, бастарына сәлде кигізді. Осының бәрін Мұса Жаратқан Иенің бұйырғанына сай орындады. Мен Елазардың өзін және одан кейінгі ұрпақтарын әрқашан діни қызметкер қыламын деп уәде беріп Келісімімді бекітемін. Себебі ол қызмет еткен Құдайының абыройын жан сала қорғап, Исраил халқын күнәларының арамдығынан тазартты».
Выбор основного перевода