Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен күллі дарынды шеберлер бірігіп жұмыс істеп, киелі шатырды құруға қажетті заттарды жасап дайындады. Олар жіңішке зығыр және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден шатырдың он жабынын тоқыды. Солардың бетіне керубтердің бейнелері шеберлікпен кестеленді. Содан кейін Беселиел аққараған ағашынан Келісім сандығын жасатты. Ұзындығы екі жарым, ал ені мен биіктігі бір жарым шынтақтан болды. Сандықтың қақпағын ұзындығы екі жарым, ені бір жарым шынтақ етіп саф алтыннан жасатты.
Выбор основного перевода