Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Менің демалыс күні туралы ережелерімді сақтаңдар! Себебі бұл — бүкіл келешек ұрпақтарың үшін Менімен сендердің араларыңда жасалған Келісімнің белгісі. Ол арқылы Менің сендерді жалғыз Өзіме бағыштап қасиетті еткен Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, өте жақсы екенін көрді. Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл алтыншы күн еді. Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтап, сол күні еңбек етпей демалды. Жетінші күнге Құдай оң батасын беріп, оны қасиетті деп белгіледі. Себебі Ол бұл күні Өзінің жарату жұмысының бәрін бітірген соң тынықты. Киелі жазбалардың бір жерінде жаратылыстың жетінші күні туралы былай делінген: «Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтап, демалды».
Выбор основного перевода