Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һарон мен оның ұлдары киелі орында қызмет ету үшін кездесу шатырына кіріп не құрбандық үстеліне жақындап барған сайын осындай киімдерді киіп жүруге тиіс. Олай етпесе, олар кінәлі болып, өлім құшады.Бұл — Һаронға және оның келер ұрпақтарына арналған тұрақты ереже. Адам сол құрбандық малдың басына қолын қойсын. Сонда осы адам күнәларының арамдығынан тазарады. Жаратқан Ие оның құрбандығына риза болып, онысын қабылдайды. «Күнәнің құнын өтейтін құрбандықты неге киелі орында жемедіңдер? Осы құрбандық ерекше киелі. Ол қауымның күнәларын арқалап, Жаратқан Иенің алдында халықты күнәнің арамдығынан тазарту үшін сендерге берілген еді ғой. Содан кейін Жаратқан Ие Һаронға тіл қатып былай деді: «Егер киелі орынға қарсы бір күнә жасалатын болса, оған өзің де, ұрпақтарың да, арғы атаңнан шыққан бүкіл Леуі руы да жауапты боласыңдар. Ал діни қызметкердің қызметіне байланысты күнә үшін тек өзің мен ұрпақтарың ғана жауапты боласыңдар. Кездесу шатырындағы қызметтерді леуіліктер атқарсын. (Егер міндеттерін ұқыпсыз атқарса) оған өздері айыпты болады. Бұл келер ұрпақтарың үшін де тұрақты ереже.Исраилдіктердің арасынан леуіліктер мұралық үлес алмайды. Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады. Ол солардың күнәларын өз мойнына алады. Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:— Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды. Сол секілді Мәсіх бір рет көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып құрбан болды. Ол дүниеге қайта оралған кезде тағы да күнәнің құнын өтеу үшін емес, Өзін аңсап күтіп жүргендерді түгелдей құтқару үшін келеді. Біз күнәнің құлдығынан босатылып, әділ өмір сүре алуымыз үшін Мәсіх айқыш ағашта күнәларымыздың айыбын өз денесінде көтеріп тұрды. Осылай Оның жаралары арқылы (рухани дертімізден) сауықтық.
Выбор основного перевода