Оны Құдай Рухына кенелтіп, оған ақыл-парасат пен қабілет дарытып, барлық өнерден хабардар етіп қойдым.
Мынаны да біліп ал: Мен оған Дан руынан шыққан Ахисамах ұлы Аһолияпты көмекші етіп тағайындап отырмын. Мен өзіңе тапсырғандардың барлығын жасаулары үшін күллі ақылдыларға тағы да молынан ақыл-парасат дарытамын. Сондықтан олар Мен өзіңе бұйырған мына нәрселердің бәрін жасай алады: