Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер біреудің не мүйізді ірі қарасының, не ұсақ малының адасып жүргенін көрсең, оны көрмегенсіме! Малын жетелеп иесіне алып бар! Біреудің адасып жүрген мүйізді ірі қарасына не есегіне тап болсаң, оны міндетті түрде иесіне айдап апарып бер! Біреудің есегі жүгінің ауырлығынан жығылып, тұра алмай қалғанын көрсең, оны сол күйінде қалдырып кетпе; жүгін түсірісіп, дұрыстап теңдеуге көмектес! Малдың иесі сені жек көретін дұшпаның болса да, солай істеуге тиіссің. Сондай-ақ, біреудің есегінің не өгізінің жол бойында құлап жатқанын көргенде оған немқұрайды қарама. Иесіне құлап жатқан малын тұрғызуға қол ұшыңды бер. Ешкім жамандыққа жамандықпен қайтармасын, қайта, бір-біріңе де, басқаларға да жақсылық жасауға ұмтылыңдар!
Выбор основного перевода