Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:— Мына халық Мені қашанға дейін менсінбей жүре береді? Мен олардың көз алдында құдіретімді дәлелдейтін қаншама кереметтер жасаған болсам да, олар қашанға дейін Маған сенбей жүре бермек?! Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін. Және осы айтқандарымды Маған қарсы шыққан мына зұлым жамағаттың бәріне міндетті түрде жүзеге асырамын: олар бірде-біреуі тірі қалмай, осы иен далада құритын болады!» Ешуаның халыққа берген жауабы мынау болды:— Жоқ, сендер Жаратқан Иеге (шынымен) қызмет ете алмайсыңдар. Өйткені Ол — киелі Құдай, Өзінен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбейтін Құдай. Ол сендердің бас көтеріп, күнә жасай бергендеріңді кешірмейді. Қанша рет олар иен түзде бас көтерді,Айдалада Оны қапаландырды! Бірақ олар әлі де Құдайды сынады,Бас көтеріп, Хақ Тағалаға бағынбады,Оның берген жарлықтарын сақтамады,Бабаларының қылықтарын қайталады,
Выбор основного перевода