Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қамбаларың мен күбілеріңе жинаған өнімдеріңнің алғашқыларын Маған ұсынуға сараң болмаңдар.Тұңғыш ұлдарыңды Маған бағыштаңдар! Егістік жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсысын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер! Арам өлген ешқандай жануарды жеулеріңе болмайды! Оны не елді мекендеріңде тұрып жатқан жат жұрттыққа жеуге беруге, не шетелдікке сатуға болады. Себебі сендер Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар.Лақты енесінің сүтіне пісірмеңдер! әрқайсың сол елдің жерінен жинаған өнімдеріңнің біразын себетке салыңдар. Осы сый-тартуларыңды Құдай Ие өз есімінің (жер бетіндегі) тұрағы болуға таңдап алған орынға апарыңдар! Уа, Жаратқан Ие, Өзің маған табыстаған жердің алғашқы өнімінен енді Саған мына сый-тартуды әкелдім».Осылайша сый-тартуды Құдайларың Жаратқан Иенің алдына қойған соң Оның алдында иіліп тағзым етіңдер.
Выбор основного перевода