Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер исраилдік бауырластарыңның бірі кедейленіп, өзін саған басыбайлы қызметшің болуға сатса, оған құл іспетті ауыр жұмыс істетпе. Оған жалдамалы жұмысшыға немесе еліңде тұрып жатқан жат жұрттыққа қарағандай жақсы қара. Ол саған келесі Мереке жылына дейін қызмет етеді. Сол жыл келгенде, оның өзіне және бала-шағасына бас бостандығын бер. Ол өз руына, ата-бабаларына бөлінген мұралық жерге қайтып барады. Егер бауырлас еркек не әйел басыбайлы қызметшің болуға сатылып, саған алты жыл бойы қызмет етсе, жетінші жылы оған бас бостандығын беріп қоя бер! Оны босатқанда құр қол жіберме. Оған отардағы малыңнан, қоймадағы астығыңнан және жүзім шырыныңнан жомарттықпен бөліп бер. Құдайың Жаратқан Иенің өзіңе төккен жарылқауынан оған да тисін. Өздеріңнің де Мысыр елінде құлдықта жүріп, Құдай Иенің сендерді құтқарып алып шыққанын есіңнен шығарма. Сондықтан да бүгін сендерге осы өсиетті табыстап отырмын. Ал егер қызметшің өзіңді, әрі үй ішіңді жақсы көріп, сендермен бірге тұруды қалап: «Сізден ешқайда кеткім келмейді» десе, онда қолыңа біз ал да, сол бізді қызметшінің сырғалығын тесе есікке қада (да, кейін суырып ал). Сонда ол сенің өмірлік басыбайлы қызметшің болып қалады. Басыбайлы қыз не әйелмен де (оның өтінішіне сәйкес) солай істеуің керек. Ал (осындай уәде бермеген өзге) қызметшіңе бас бостандығын беріп қоя беруді қиынсынба! Ол саған алты жыл бойы тегін қызмет етіп, жалданушыдан гөрі екі есе көп пайда кіргізді ғой. Солай етсең, онда Құдай Иең сені барлық іс-әрекетіңде жарылқайтын болады. «Әрбір жетінші жылы әрқайсың өзін саған басыбайлы қызметшілікке сатқан исраилдік ағайыныңды малайлықтан босатуға тиіссіңдер! Ол саған алты жыл бойы қызмет етіп болған соң, оны қоя бер!» Бірақ сендердің ата-бабаларың Менің сөзіме құлақ та асқан жоқ, мойынсұнған да жоқ.
Выбор основного перевода