Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ егер сондай адам өлтірген кісісіне бұрыннан өшігіп, аңдып келіп, сәті түскен кезде бас салып, оны өлтіргеннен кейін бас сауғалау қалаларының біріне қашып барса, онда оның өз қаласының ақсақалдары ол бас сауғалаған қалаға адамдарын жіберіп, қайтарып алдыртсын. Сол адам өлген кісінің жазалаушы туысқанының қолына тапсырылуы керек. Осылай ол жазасын тартып өлуге тиіс. Осы болып жатқан оқиғалар туралы хабар Жоғабқа да жетті. Ол кезінде Абессаломның бүлігін жақтамаған болса да, енді Адонияхтың көтерілісін қолдаған еді. Сондықтан Жоғаб Жаратқан Иенің киелі шатырына қашып кетті. Сондағы құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарынан жабысып ұстап алды. Сүлеймен патшаға: «Жоғаб Жаратқан Иенің шатырына қашып барды, енді ол құрбандық үстелінің қасында тұр», — деген хабар жетті. Сүлеймен Еходай ұлы Бенаяхты: «Оны өлтір!» — деген бұйрықпен сонда жіберді. Бенаях Жаратқан Иенің шатырына барып, Жоғабқа:— Патша саған: «Бері шық!» деп бұйырып жатыр! — деді. Бірақ ол:— Жоқ, мен осы жерде-ақ өлемін! — деді. Бенаях патшаға қайтып келіп, Жоғабтың не деп жауап қайтарғанын айтып берді. Сонда патша Бенаяхқа былай деп әмір етті: «Оның айтқанын істе! Оны шауып өлтіріп, қабірге қойғыз. Осылайша Жоғаб төккен жазықсыз қанның кінәсінен өзімді және әкемнің әулетін тазарт. Енді Жаратқан Ие жазықсыз төккен қанын Жоғабтың мойнына салады. Себебі ол әкем Дәуіт марқұмға білдірмей, өзінен әділ де ізгі екі адамды: Исраилдің қолбасшысы Нер ұлы Әбенирді және Яһуданың қолбасшысы Етер ұлы Амасаны семсерімен шауып өлтірді. Олардың төгілген қаны мәңгі бақи Жоғабтың және оның үрім-бұтағының мойындарында болсын! Ал Дәуіттің өзіне, оның үрім-бұтағына, әулетіне және патшалық тағына Жаратқан Ие мәңгілік амандық пен тыныштық сыйласын!» Еходай ұлы Бенаях киелі шатырға қайтып барып, Жоғабты шауып өлтірді. Оның мәйіті айдаладағы үйінің маңындағы қабірге қойылды. Ал егер шынайы хабарды естіп-білгеннен кейін де әдейі күнә жасай берсек, онда бізді күнәмізден арылта алатын ешқандай құрбандық жоқ.
Выбор основного перевода