Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Үшінші күні таң ата күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, ғаламат қатты керней даусы естілді. Қоныстағы халықтың бәрі де қорыққаннан дірілдеп қоя берді. Мұса көтеріліп бара жатқанда тауды (бағаналы) бұлт басып, Сендер тауға жақындап келіп, оның етегінде тұрдыңдар. Ал жанып жатқан таудың жалыны тіпті аспанға дейін жетіп, үстін қара бұлт пен түнек басып жатқан болатын. Сонда Жаратқан Ие өздеріңе сол оттың ішінен тіл қатты. Сендер Оның сөздерін естідіңдер, бірақ ешқандай бейнені көрген жоқсыңдар. Тек Оның дауысы ғана естілді. Түнекті айналдыра перде қылды,Жаңбырдың қалың бұлттарын жамылды, Бұлт пен түнек — айналасы Оның,Шындық пен әділдік — негізі тағының. Ол әлі де сөйлеп тұрған кезде-ақ кенеттен бір нұрлы бұлт оларға көлеңкесін түсіріп, бұлт ішінен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған ризамын. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты.
Выбор основного перевода