Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содом мен Ғомораға және төңірегіндегі бүкіл жазыққа көз тастағанда Ыбырайым сол жерден тек балқыту пешінен шыққандай будақтаған түтінді ғана көрді. Сендер тауға жақындап келіп, оның етегінде тұрдыңдар. Ал жанып жатқан таудың жалыны тіпті аспанға дейін жетіп, үстін қара бұлт пен түнек басып жатқан болатын. О, Құдай, халқыңды Мысырдан бастап шыққанда,Айдалада оны ертіп жүріп отырғаныңда, Жер сілкініп, аспаннан жаңбыр қатты құйылды,Уа, Құдай, көз алдыңда Синай тауында,Исраил сиынған Өзіңнің алдыңда. Ол жер бетіне көз салса шайқалады,Тауларға қол тигізсе түтін шығады. Тауларға қарасам, олар сілкініп, төбелер де шайқалып тұр. Сендер ата-бабаларымыз іспетті көріп-естуге болатын мынадай жайтты бастарыңнан өткізбедіңдер: олар от болып лаулап жанып жатқан Синай тауына жақындады. Айнала қара түнек болып, сұрапыл дауыл соғып, Содан киелі үй Құдайдың хош иісті түтіндей таралатын салтанатты ұлылығы мен құдіретіне кенелді. Жеті періште тостағандарынан төгетін жеті пәле аяқталғанша, ешкім де киелі үйге кіре алмады.
Выбор основного перевода