Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса:— Қаладан шығысымен-ақ қолымды Жаратқан Иеге қарай жайып сиынамын. Сонда күн күркіреуін тоқтатып, бұршақ та жаумайтын болады. Осыдан жердің иесі Жаратқан Ие екенін білетін боласыз. Құдай Иеміз бізбен Хориб тауында Келісім жасаған еді. Себебі сендер Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен сендерді Өзінің халқы және ерекше құнды меншігі болуға таңдап алған. Ұлан-ғайыр аспан, жер және ондағының барлығы да Құдайларың Жаратқан Иенің меншігі. Жаратқан Ие Өзі уәде еткендей, сендерді бүгін Өзінің халқы әрі ерекше меншігі деп жариялап, сендерге өсиеттеген заңдарының бәрін орындап ұстануға тиіс екендеріңді айтып отыр. (Дәуіттің жыры.)Жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі,Бұл дүние мен онда тұрғандар түгел Онікі, Жауымның мені жеңіп шықпағанынанҰғамын Сенің риза екеніңді маған. Өйткені Жаратқан Жақыптың әулетін таңдады,Исраилді Өзінің меншігіне тағайындады. Себебі «жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі». Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Выбор основного перевода