Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса Жаратқан Иеге дауыстап жалбарынып сиынды. Сонда Жаратқан Ие оған бір ағашты көрсетті. Мұса оны суға лақтырған кезде су тұщыланды.Сол жерде Тәңір Ие өз халқына арналған заңдары мен шешімдерін шығарды. Ол халықты сынап былай деді: Құдай Иеміздің осы қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап алып жүрген жолын естеріңе түсіріңдер! Ол сендерді Өзіне мойынсұндыру үшін, әрі шынайы ниеттеріңнің қандай екенін: Оның өсиеттерін орындайсыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін түрлі сынақтардан өткізді. Жаратқан Ие кейін игілікті өмір сүре алуларың үшін сендерді Өзіне мойынсұндыру әрі сынақтан өткізу мақсатымен ата-бабаларың татып көрмеген тәтті нанды (маннаны) сендерге айдалада тамақ етіп берді. Халыққа жейтін маннаны жаудырды,Сөйтіп оларға нанды аспаннан жіберді, Халық ет сұрағанда Ол бөденелер жіберді,Аспаннан түскен нанмен тойындырды, «Оларға жейтін нанды аспаннан жіберді» деп (Забурда) жазылғандай, ата-бабаларымыз айдалада тәтті нан жеп жүрді, — деді. Барлығы да Құдай кереметпен берген бірдей тағам жеп,
Выбор основного перевода