Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай Иеміздің осы қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап алып жүрген жолын естеріңе түсіріңдер! Ол сендерді Өзіне мойынсұндыру үшін, әрі шынайы ниеттеріңнің қандай екенін: Оның өсиеттерін орындайсыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін түрлі сынақтардан өткізді. Жаратқан Ие сендерді мойынсұндыру үшін кейде аштыққа душар етті. Адам тек нанмен ғана емес, Жаратқан Иенің аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүреді дегенді үйрету үшін Ол сендерді өздерің де, ата-бабаларың да бұрын татып көрмеген тәтті нанмен (маннамен) қоректендірді. Халық елдің өнімін тамақ қыла бастаған күннен бастап манна сап тиылды. Сол жылы исраилдіктер маннамен емес, Қанахан елінің өнімімен тамақтанды. Сен ата-бабаларымызға тәлім беру үшін Өзіңнің ізгі Рухыңды жібердің. Ауыздарынан өз маннаңды алып қоймадың, шөлдеген кездерінде су да бердің. Сен оларды қырық жыл бойы иен далада керегімен қамтамасыз еттің, олар еш нәрседен таршылық көрген жоқ. Олардың киімдері еш тозып, жүре-жүре аяқтары ісіп те көрген емес. Барлығы да Құдай кереметпен берген бірдей тағам жеп,
Выбор основного перевода