Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда халық шөлдегендіктен Мұсаға қарсы наразылық білдіруін қоймай:— Бізді Мысырдан неге алып шықтың? Өзімізді, балаларымызды, мал-жандарымызды шөлден қатыру үшін бе? — деп шағымданды. Исраил халқының арасындағы жат жұрттық тобыр өзге тағамдарға құмарлық танытты. Исраилдіктердің өздері де қайтадан күңкілдей жыланып: «Біреу бізге ет жегізсе ғой, шіркін! Мысырдағы тегін балықты айтсаңшы! Қияр мен қарбыз, жуа, пияз әрі сарымсақ дегендерді айтсаңшы! Жаратқан Ие сендерді мойынсұндыру үшін кейде аштыққа душар етті. Адам тек нанмен ғана емес, Жаратқан Иенің аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүреді дегенді үйрету үшін Ол сендерді өздерің де, ата-бабаларың да бұрын татып көрмеген тәтті нанмен (маннамен) қоректендірді.
Выбор основного перевода