Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Перғауынның аттары, күймелері және олардағы жауынгерлері теңізге енген кезде Жаратқан Ие оның суын қайтарып, олардың үстеріне құлатты. Ал Исраил халқы теңіздің ортасынан құрғақ жермен өте шыққан еді. Өз халқыңның алдында теңізді қақ айырдың, олар құрғақ жермен теңіз ортасынан өте шықты! Олардың қуғыншыларын Сен терең суға лақтырылған тас сияқты теңіздің тұңғиығына батырдың. Исраил халқы Құдайға сенгендіктен, Қызыл теңізден құрғақ жермен жүргендей өте шықты. Мысырлықтар да солай істемекші болғанда суға батып қырылды.
Выбор основного перевода