Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды. Жаратқан Ие не күндіз бағана тәрізді бұлтты, не түнде жалындаған от бағанасын халықтың көз алдынан ажыратпай, әрдайым бірге жүргізді. Тәңір Ие тағы былай деді:— Тыңдаңдар. Мен сендерді жолда қорғап, Өзім дайындаған жерге алып баратын періштені алдарыңнан жіберіп отырмын. Ал қазір бар да, халықты Мен айтқан жерге бастап алып бар. Міне, періштем алдыңда жүріп отырмақ. Менің соттайтын күнім жеткенде оларды бұл күнәлары үшін жазалайтын боламын, — деп жауап берді. Сонда біз Жаратқан Иеден көмек сұрап жалбарынған едік. Ол бізге құлақ салып, періштесін жіберіп, бізді Мысыр елінен азат етіп алып шықты. Енді біз сіздің елдің шет жағында орналасқан Қадеш қаласындамыз. Олар азап шеккен кездің бәріндеЖаратқан Ие бірге азап шекті,Өзінің қасындағы періштесіТаңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді.Құдайымыз сүйіспеншілігіменЖәне мол қайырымдылығыменХалқын құтқарып алып, бүкіл өткенЗаманда Қамқоршысы болып келген.
Выбор основного перевода