Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мына таяқ қолыңда жүрсін, сонымен Мен тапсырған құдіретті істерді көрсетпексің. Жаратқан Ие Мұсаға арнаған сөзін жалғастырып: — Сен Һаронға былай де: «Таяғыңды алып, қолыңды Мысырдың суларына қарай көтер! Сонда өзендер мен арықтардың, тоғандар мен су қоймаларының бәрі қанға айналады. Бүкіл Мысырды қан жайлап кетпек, тіпті ағаш не тас ыдыстардың ішіндегі су да қанға айналмақ», — деді. «Әлгі таяқты қолыңа алып, ағаң Һарон екеуің бүкіл қауымды жинаңдар. Олардың көз алдында мына жартасқа бұйыра сөйлеңдер! Сонда ол сендерге ішінен суын ағызады. Осылайша сен жартастан су ағызып шығарып, халықтың да, малының да шөлін қандыратын боласың». Мұса Жаратқан Иенің нұсқауы бойынша Оның алдында сақтаулы тұрған таяқты қолына алды. Содан кейін Мұса қолын көтеріп, жартасты екі рет таяғымен соғып қалды. Сонда одан су молынан сарқырап аға жөнелді. Бүкіл жамағат та, малдары да ішіп, шөлдерін қандырды. Мен, Әлемнің Иесі, баяғыда Ориб құзының маңайында Мадиян тайпасының жасағын күйрете соққанымдай, енді Ассурды «қамшыммен» соғамын. Ежелде таяғым Мысыр елі мен Қамысты теңіздің үстінен көтеріліп, алға созылғандай, енді Ассурдың өзенінің үстінен де «таяғымды» созып, құдіретімді көрсетемін.
Выбор основного перевода