Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
сендер құрсақтан шыққан тұңғыштарды Жаратқан Иеге бағыштаңдар! Қолдағы бар малдың тұңғыш туған еркек төлдерін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалыңдар. Перғауын қырсығып бізді жіберуден бас тартқанда, Жаратқан Ие Мысырдағы тұңғыш атаулыны — адамдардың тұңғыш ұлдарынан бастап малдардың тұңғыш еркек төлдеріне дейін өлтірді. Сол себепті біз малдардың тұңғыш еркек төлдерінің бәрін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шаламыз. Ал тұңғыш ұлдарымыздың төлемі ретінде арнайы құрбандық ұсынамыз». Қамбаларың мен күбілеріңе жинаған өнімдеріңнің алғашқыларын Маған ұсынуға сараң болмаңдар.Тұңғыш ұлдарыңды Маған бағыштаңдар! Мүйізді ірі қара не ұсақ малдарыңның тұңғыш төлдерімен де солай істеңдер! Олар жеті күн бойы енелерінің бауырында болсын, ал сегізінші күні оларды Маған құрбандыққа шалыңдар. Егістік жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсысын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер! Малдың тұңғышын Жаратқан Иеге бағыштауға болмайды, себебі мал мен адамның тұңғышы онсыз да Жаратқан Иенікі болып табылады. Не мүйізді ірі қара, не ұсақ малдың тұңғышы болсын, олар Жаратқан Иенікі. Себебі тұңғыш атаулы Менікі. Мен Мысыр халқының барлық тұңғыштарының көздерін құртқан күннен бастап, Исраилдің барлық тұңғыш ұлдарын да, малдың тұңғыш төлдерін де Өзіме бағыштадым. Сондықтан олар Менікі болуға тиіс. Мен Жаратқан Иемін». Себебі исраилдіктердің барлық тұңғыш ұлдары Менікі, бірақ олардың орнына Мен Исраил халқының арасынан леуіліктерді Өзіме тұрақты қызмет етуге таңдап алдым. Мысыр елінің тұңғыштарына апат жіберген кезде Мен исраилдіктердің тұңғыштарын, адам болсын, мал болсын, Өзіме бағыштап таңдап алып қойғанмын. Әр әйелдің тұңғышы және малдың әр бірінші төлі Жаратқан Иеге ұсынылып, сенікі болсын. Бірақ тұңғыш ұл балаға және Маған арнап құрбандыққа шалуға болмайтын арам хайуандарға өтем құнын белгіле. Сол құн тұңғыш ұл не малдың орнына төленсін. Малдарыңның тұңғыш туған еркек төлдерін Құдайларың Жаратқан Иеге бағыштауларың керек. Төлдің басы болып туған өгізді жұмысқа жегуге, әрі тұңғыш туған ұсақ малдың жүнін қырқуға болмайды. Себебі Жаратқан Ие тапсырған Таурат заңында мынадай ереже жазылған: «Құрсақтан шыққан әрбір тұңғыш ұл бала Жаратқан Иеге бағышталсын!»
Выбор основного перевода