Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол себепті Жүсіп Исраилдің ұрпақтарынан ант алып: «Құдай рақымын түсіріп, сендерді ешбір шүбәсіз осы жерден алып шығатын болады. Сол кезде менің сүйегімді де өздеріңмен бірге осы жерден ала кетіңдер!» — деп өсиеттеді. Жүсіп жүз онға жетіп, қайтыс болды. Оның бальзамдалған мәйіті табытқа салынып, Мысыр елінде сақталып қойылды. Бұрынырақ исраилдіктер Мысыр елінен алып шыққан Жүсіптің сүйегін Сихемдегі қабірге қойған еді. Осы жер танабын Жақып кезінде Сихемнің әкесі Хамордың ұлдарынан жүз мысқал күміске сатып алған болатын. Сол жер Жүсіптің ұрпақтарының мұралық үлесіне тиді. Сихем деген жерге апарылып, қабірге қойылады. Қабірді Ыбырайым Сихемдегі Хамордың балаларынан күміс ақшаға сатып алған болатын.
Выбор основного перевода