Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Перғауын жақындаған кезде исраилдіктер кері бұрылып қараса, соңдарынан қуған мысырлықтар келіп те қалыпты! Зәрелері ұшқан исраилдіктер айқайлап Жаратқан Иені шақырды. Олар тіпті Мұсаны сөгіп:— Не үшін бізді айдалада өлуге алып келдің? Мысырдан бізге мола табылмайтын ба еді?! Мысырдан алып шығып, бізге не қылғаның? Саған Мысырда: «Бізде жұмысың болмасын! Мысырлықтарға қызмет ете берейік» деп айтпап па едік? Бізге айдалада өлгеннен гөрі мысырлықтарға құл болғанымыз жақсы еді ғой! — деді. Сонда бүкіл қауым дауыс көтеріп, түні бойы азан-қазан жылаумен болды. Барлық исраилдіктер Мұса мен Һаронға наразыланып, бүкіл қауым болып: «Бізге баяғыда-ақ Мысыр елінде өлгеніміз жақсы болған болар еді! Немесе осы елсіз далада өлген болсақ қой! — деп күңкілдесті. — Жаратқан Ие бізді бұл елге неге алып келе жатыр екен? Сол жерде біз семсерден қырыламыз, әрі әйел, бала-шағамыз жауға олжа болмақ. Одан да Мысырға қайта оралғанымыз жақсы емес пе!» — Олар бір-біріне: «Кәне, басшы таңдап алып, Мысырға қайта оралайық!» — десті. Кінәлі адамды өлім жазасына кескенде (ең аз дегенде) екі не үш куәгердің айтқандарына сүйену керек. Тек бір ғана куәгердің айтқанына негізделіп ешкімді өлім жазасына кесуге болмайды.
Выбор основного перевода