Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін Мен қызметін адал орындайтын өзге бір діни қызметкерді белгілеймін. Ол Менің еркіме сай әрекет жасап, міндетін Өзім тағайындайтын патшаның алдында атқаратын болады. Мен оның әулетін діни қызметкерлерім болуға бекітемін. Мен халқымды басқаратын билер тағайындаған заманнан бері де жауыздар солай істеулерін жалғастырып келеді. Ал енді Мен саған барлық жауларыңнан тыныштық сыйлаймын.Жаратқан Ие саған тағы мынаны да айтады: Оның Өзі сенің шаңырағыңды бекітіп, әулетіңе де патшалық билік құрғызбақ! Уа, Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, Сен «шаңырағыңды бекітемін» деп маған ашық білдірдің. Сол себепті қызметшіңнің осылайша мінажат етуге батылы барды. Мәңгі тірі Жаратқан Ие мені патша етіп әкем Дәуіттің тағына отырғызған, әрі Өзі уәде еткендей әулетімді де бекіткен. Оның алдында шын айтамын: Адониях бүгін-ақ өледі!» Егер Менің өзіңе өсиет еткенімнің барлығына мойынсұнсаң, әрі қызметшім Дәуіттің орындағанындай, сен де Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істерді істеп, Менің ережелерім мен өсиеттерімді ұстанатын болсаң, онда Мен де саған әрқашан жар болып, сенің патшалық әулетіңді Дәуіттің патшалық әулетіндей үздіксіз етіп бекітемін және (Солтүстік) Исраил елінің патшалық билігін сенің қолыңа тапсырамын.
Выбор основного перевода