Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Лиядан туғандары: Жақыптың тұңғышы Рубен, одан кейін Шимон, Леуі, Яһуда, Исашар, Забулон. Рахиладан туған ұлдары: Жүсіп пен Бунямин. Рахиланың күңі Балхадан туған ұлдары: Дан мен Нафталим. Лияның күңі Зилпадан туған ұлдары: Ғад пен Ашир.Жақыптың солтүстік Месопотамияда туған ұлдары осылар болды. Мысырға көшіп барған Исраилдің (яғни Жақыптың) ұлдарының аттары төмендегідей:Жақыптың тұңғыш ұлының аты Рубен. Рубеннің ұлдары: Ханох, Паллу, Хесрон, Қарми. Шимонның ұлдары: Емуел, Ямин, Яхин, Сохар, Саул; Саул қанахандық әйелден туған. Леуінің ұлдары: Герсон, Қахат, Мерари. Яһуданың ұлдары: Ер, Онан, Шелах, Парес, Зарах. Ер мен Онан Қанахан жерінде қайтыс болды. Парестің ұлдары: Хесрон, Хамул. Исашардың ұлдары: Тола, Пуа, Ишоб, Шимрон. Забулонның ұлдарының аттары: Серед, Елон, Яхлел. Бұлар Лияның Жақыпқа солтүстік Месопотамияда туып берген ұлдары. Дина есімді қыздары да сол жерде дүниеге келді. Барлығын қосқанда Жақып пен Лиядан тарағандар отыз үш ұрпақ болды. Ғадтың ұлдары: Сифион, Хаги, Шуни, Езбон, Ери, Ароди, Арели. Аширдің ұлдары: Имна, Ишуах, Ишуи, Бериях, ал қызы: Серах. Берияхтың ұлдары: Хебер мен Малхиел. Бұлар Лабанның қызы Лияға күтуші күң ретінде берген Зилпаның ұлдары; Зилпадан Жақыптың он алты ұрпағы тарады. Жақыптың әйелі Рахиланың ұлдарының аттары: Жүсіп пен Бунямин. Мысырда Жүсіптің Манаса мен Ефрем есімді ұлдары дүниеге келді. Бұларды Он қаласындағы діни қызметкер Потифердің қызы Асенет туды. Буняминнің ұлдары: Бела, Бехер, Ашбел, Гера, Нағыман, Ехи, Рош, Мупім, Хупим, Ард. Бұлар Рахиланың Жақыпқа туып берген ұлдары мен олардан тарағандар — барлығы он төрт ұрпақ. Данның ұлының аты: Хушим. Нафталимның ұлдары: Яхсиел, Гуни, Есер және Шилем. Бұлар Лабан өзінің қызы Рахилаға күтуші күңі ретінде берген Балханың ұлдары; Балхадан Жақыптың жеті ұрпағы тарады. Жақыпқа еріп Мысырға көшіп барған ұрпақтары, келіндерін қоспағанда, алпыс алты жан еді. Жүсіптің Мысырда туған ұлдары екеу. Осылайша Жақыптың Мысырға көшіп келген бүкіл үрім-бұтағының жалпы саны өзін қосқанда жетпіс болды.
Выбор основного перевода