Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұзақ уақыттан кейін Мысырдың патшасы дүниеден қайтты. Ал исраилдіктер әлі де құлдықтан бейнет шегіп, күңірене күрсініп зарлап жатты. Олардың көмек сұрап жалбарынуы Құдайдың құлағына жетті. Мұса осы хабарды исраилдіктерге жеткізді, алайда ауыр жұмыс еңселерін басып, жігерлері күйреген олар Мұсаға құлақ салмады. Ата-бабаларымыз Мысыр еліне қоныс аударып, сол жерде көп жыл тұрдық. Ал мысырлықтар бізге және аталарымызға жәбір көрсетті. Сол патша халқымызға зымиян болып, аталарымызға қысымшылық көрсетеді. Ол соларды тіпті жаңа туған нәрестелерін тірі қалмаулары үшін жалғыз тастап кетуге мәжбүрлейді.
Выбор основного перевода