Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өзің таңдап алған ежелгі замандаХалқың екенімізді есіңде сақташы:Сенің босатқан ұлтыңбыз, меншігің айрықша.Сиондағы тұрағыңды да ұмытпашы: Қайта, Өзім бірінші болып Сион қаласына: «Қара, олар келе жатыр!» дедім. Иә, Иерусалимге ізгі хабар жеткізушіні жіберген Өзіммін. Бір үн естіледі: күзетшілерің дауыс көтеріп, барлығы да шаттана шырқайды. Олар өз көздерімен Жаратқан Иенің Сионға қайтып келгенін көреді! Сендерге күзетуші пайғамбарларымды тағайындап: «Олардың қаққан дабылдарына құлақ салыңдар!» деп едім. Бірақ та: «Жоқ, соған құлақ салмаймыз!» деп қасарыстыңдар. Мен халқымның жүрген жолдарының барлығын көріп тұрмын. Олар көзімнен жасырын емес, ешбір күнәлары да Менің назарымнан тыс қалмайды. «Ей, пендем, Мен сені Исраил халқына күзетші етіп тағайындадым. Сондықтан Менің аузымнан шыққан сөзімді естіген сайын халыққа Менің атымнан ескерту жаса!
Выбор основного перевода