Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сенің құрмет тұтатын жұбайларыңАрасында бар қыздары патшалардың.Оң жағыңда отыр опырлық саф алтынӘшекейлер тағып алған патшайымың. Сол кезде мынадай ән-жыр айтатын боласың:«Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын!Маған ашуланған едің, ал сосынҚаһарыңды басып, мені жұбаттың. Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!Оған сеніп, қорықпаймын да енді,Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,Ол адал Құтқарушым болып келеді!» Ал мен былай деп жауап бердім:— Бүкіл еңбегімді зая еттім, құр бекерге күшімді жұмсадым! — Бірақ Жаратқан Ие мені ақтайды, Құдайым еңбегімнің әділ бағасын сақтайды. Айналаңа көз жүгіртіп қарашы: бүкіл балаларың жиналуда! — Мәңгі тірі Жаратқан Ие ант етіп былай деп уәде береді: — Сен осы адамдардың бәрін әшекей етіп таққандай өзіңе қабылдайтын боласың. Олармен қалыңдықтай сәнденіп, көркейіп салтанатқа бөленесің. Ол әділдікті сауыттай, құтқаруды басына дулығадай киіп, зұлымға жазасын тартқызуды жамылғыдай оранып, қайратын шапандай жамылған жауынгер секілді даяр тұр. Мен бәрібір Жаратқанға шаттанамын,Құтқарушы Құдайыма қуанамын. Ал періште өзінің алдында тұрғандарға: «Оның лас киімдерін шешіп тастаңдар!» — деп тапсырды. Ешуаға қарап ол: «Мен сенің кінәңді алып тастадым. Енді саған салтанатты киім кигіземін», — деді. Патша келгендерді көруге кіргенде, тойға сай киім кимеген біреуді көріп, одан:— Достым, мұнда той киімінсіз қалайша кірдің? — деп сұрайды. Ол үндемейді. Сонда Мәриям былай деді:— Жан дүнием Иемді мадақтайды, Оған кіршіксіз таза, жылтыраған ақ бәтес киімдер берілді». — Сол ақ бәтес киімдер Құдай халқының әділ істерін білдіреді. Сонда мен көктен, Құдайдың қасынан түскен қасиетті қаланы: жаңа Иерусалимді байқадым. Ол күйеуінің алдынан шығуға безеніп киінген қалыңдықтай дайындалған еді.
Выбор основного перевода